Кеше солтүстікқазақстандық спортшылар ерледі! «Қуаныш» ВК мен «Құлагер» ХК ел біріншіліндегі кезекті ойындарында жеңіске жетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Қуаныш» командасы волейболдан ел біріншілігінің кезекті туры аясында «Алматыны» ойсырата ұтты. Есеп — 3-0. Теріскейліктер ойын бастала салысымен тізгінді өз қолдарына алды.

«Қуаныш» волейбол клубы қарсыласына мүлдем мүмкіндік бермеді. Тиісінше, әр партияда 25-12, 25-21, 25-15 есептерімен жеңіске жетті. Айта кету керек, жергілікті команда турнирлік кестеде екінші орында тұр.

Бұл күні «Құлагер» хоккей клубы да жанкүйерлерін қуантты. Жергілікті имек таяқ шеберлері солтүстіе дербиінде көкшетаулық «Арланнан» басым түсті. Есеп — 4-1.

Бұл құлагерліктердің көптен күткен жеңісі. Себебі команда бұған дейін үш ойын бойы жеңілген болатын. Айта кету керек, жергілікті имек таяқ шеберлері турнирлік кестеде 38 ұпаймен төртінші орында тұр.

Тағы оқыңыз: «Qyzyljar» АЭА аясында 900-ге жуық солтүстікқазақстандық жұмыспен қамтылған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *