Бүгін облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне екі мәселе шығарылды. Оның бірі- «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағы. Аймақ пайда болғалы атқарылған және атқарылатын жұмыстар баян етілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жиында облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Шәймерденов сөз сөйледі. Ол «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының жоспарымен бөлісті. Атқарылған істерге тоқталды. Бүгінге дейін жоба аясында 22,4 млрд теңгеге бес кәсіпорын ашылған. Нәтижесінде 900-ге жуық адам жұмыспен қамтылыпты.

«Qyzyljar» АЭА аясында 900-ге жуық солтүстікқазақстандық жұмыспен қамтылған
«Qyzyljar» АЭА аясында 900-ге жуық солтүстікқазақстандық жұмыспен қамтылған

«Қазіргі таңда «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағы аясында 17 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Барлығының жалпы құны 275 млрд теңгеден асып жығылады. Нысандар қолданысқа берілгеннен кейін 3 мыңнан астам жерлесіміз жұмыспен қамтылады», деді баяндамашы.

Облыс әкімі жауапты басқармаға инвесторларға бар жағдайды жасауды және атқарып жатқан жұмыстарын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы мектептердің бірінде «Жас сақшы» сыныбы ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *