Мерекелерге байланысты наурыз айында Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталығы мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды Qazastan Media тілшісі.
Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 8-ші наурыз күні және 21-25 наурыз аралығында ХҚКО азаматтарды қабылдамайды. Дегенмен, кезекші орталықтар сенбі күні, яғни 9-шы және 25-ші наурыз күні сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Ал 26 наурыздан бастап орталық мамандары әдеттегі жұмыс режиміне оралады.
«ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, кезекші орталықтар – жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін жұмыс істейді.Кезекші орталықтардың мекенжайларын тұрғындар мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ, 1414 телефоны арқылы білуге болады», — делінген халыққа қызмет көрсету орталығы таратқан хабарламада.
Тағы оқыңыз:Биыл Сергеев су қоймасына келетін су нормадан 57% көп болады