Қазақстанда 25 мамырда соңғы қоңырау соғылмайды

Биыл Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау соғылмайды. Оқу жылының аяқталуына орай білім ордаларында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл туралы білім министрлігі  айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл 2023–2024 оқу жылын 3,8 миллионнан астам қазақстандық оқушы тәмәмдайды. Олардың 186 мыңы мектеппен қоштасады.

«Бірқатар облыстардағы су тасқынына және  соңғы қоңырау сенбі күнге түсуіне байланысты мектептерде 24 мамыр күні бірыңғай сынып сағаты өтеді. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен жылды қорытындылайды. Су тасқыны жағдайына байланысты сабақтар қашықтан өтетін аймақтарда сынып сағаттары онлайн режимде өткізілетін болады», — деді тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова.

Ал 11 (12) сынып түлектеріне «Алтын белгі» және арнайы аттестаттарды  тапсыру барлық мектеп емтихандары аяқталғаннан кейін 19-22 маусым аралығында өтеді.

Сондай-ақ 9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автокөлікпен шығуға тыйым салынады.

Тағы оқыңыз:СҚО-да аудандық ауруханадан мерзімі өтіп кеткен дәрілер табылды

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x