Жамбыл ауданында көктемгі дала жұмыстарына дайындық қызу жүріп жатыр. Биыл аудандағы егістік алқабы 317,3 мың гектарды құрамақ. Алқаптарға 5,2 мың тонна тыңайтқыш себіледі. Ауыл шаруашылығытехникасы да 98-100% дайын, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Жамбыл ауданында көктемгі дала жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша жиын өтті. Қазан ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылған шараға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, ауылдық округ әкімдері, жергілікті, аудандық және аумақтық атқарушы орган өкілдерді қатысты.
«Бүгінгі кеңестің мақсаты көктемгі егіс науқанына дайындықты пысықтап, оны сәтті өткізудің оңтайлы шешімдерін әзірлеу болып табылады. Ауа райының қолайлы күндерін пайдаланып, егін егу жұмыстарын уақытылы аяқтау қажет», — деді Жамбыл ауданының әкімі Азамат Бектасов.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Руслан Аюпов 2024 жылғы көктемгі дала жұмыстары мен егіс науқанына дайындық барысын баяндады. Оның айтуынша, 2023 жыл диқандар үшін оңай болмаған. Дегенмен, қажетті шараларды қабылдау нәтижесінде астық дер кезінде қамбаға құйылды. Сондықтан ол биыл да көктемгі дала жұмыстарына тиянақты дайындалу қажет екенін атап өтті.
«Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі алдын ала есептеулер бойынша 317,4 мың гектарды құрап отыр. Бұл өткен жылмен бірдей. Ауданда дәнді дақылдар – 233,3 мың гектар жерге, майлы дақылдар – 66,0 мың га, мал азықтық дақылдар – 17,1 мың га, картоп – 800 га, көкөніс – 200 га егілетін болады. Егістік алқаптар құрылымындағы дәнді дақылдардың мөлшері — 73,5%, майлы дақылдар – 20,8%, азықтық дақылдар – 5,4%, картоп пен көкөніс – 0,3%құрайды», — деді Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Руслан Аюпов.
2024 жылдың көктемгі егіс науқанына 38,6 мың тонна тұқым дайындалған. 13,4 мың тонна дәнді, майлы және мал азықтық дақылдары зертханалық талдауға жіберілген. Бұл жалпы көрсеткіштің 34,6 пайызын құрайды. Биыл аудан шаруалары сорттарды жаңарту үшін 3860 тонна элиталық тұқым әкелуілері керек. Қазіргі уақытта 858,6 тонна жеткізілген. Биыл егістік алқаптарына 5,2 мың тонна минералды тыңайтқыш себіледі. Алайда диқандарға 18,9 мың тонна тыңайтқыш енгізу ұсынылған. Аудандағы шаруашылықтардың 26-сы минералды тыңайтқыштарды жыл сайын пайдаланады екен.
«Аудандағы ауыл шаруашылығы техникалары 98-100 пайызға дайын. 2023 жылы Жамбыл ауданының диқандары 5,4 млрд теңгеге 113 техника мен құрал-жабдық сатып алды. Ал биыл 706,6 млн теңгеге 23 ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылды. Алайда, әлі аудандағы 625-тен астам техниканы ауыстыру керек», — деді Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Руслан Аюпов.
Шаруаларды жанар-жағармаймен қамтамасыз етуде маңызды. Биыл көктемгі дала жұмыстарына мемлекет тарапынан арзандатылған дизель отынының 4,7 мың тоннасы бөлінді. Оның литрі 250 теңгеден берілді. Қазіргі уақытта аудандағы шаруа қожалықтарына 3,7 мың тонна жанар-жағармай жеткізілген. Аудандағы топырақ қабаты ылғалды болғандықтан әрі жақсы өнім алу үшін егіс науқанын 1 маусымға дейін аяқтаукерек екендігі айтылды.
«Техникалық парк жұмысын 100 пайызға жандандыру, егіс сапасына сәйкес тұқымды тексеруәрі дайындау аса маңызды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жанар-жағармай сатып алу және жұмысшыларға лайықты еңбекақы төлеуі қажет. Сондай-ақ оларды тамақпен қамтамасыз етіп, медициналық бақылау шараларын да сақтауы керек»,- деді аудан әкімінің орынбасары.
Сөз соңында ол ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларына өнімдердің сапасын жақсартып, бағасын төмендету керектігін де айтып өтті. Және аудан шаруалары бәсекеге қабілетті болуүшін инновациялық технологияларды дамыту қажетекенін де тілге тиек етті.
Жиында «Шатило и К» ЖШС директоры Олег Адам және «Кан Жамбыл» ЖШС-ның басшысы Владимир Кан көктемгі дала жұмыстарын дұрыс жүргізу тәжірибесімен де бөлісті. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚИК агроөнеркәсіптік кешенінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Жамбыл аудандық филиалының басшысы Жанмұханов Дәурен топырақты зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу керектігін айтып, фитосанитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.
Және жиында шаруаларға көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау керек екені айталды. Әсіресе, орман алқаптарына іргелес аумақтарда бұл жұмыс ақсамауы тиіс.
Жиынды қортындылаған аудан әкімі Азамат Бектасов көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізуді тапсырды.
Тағы оқыңыз:Тасқын судан зардап шеккен петропавлдықтар коммуналдық төлемдерден босатылады