Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңір халқын Ұлттық мерекемен құттықтады. Өзінің жылы лебізін ол әлеуметтік парақшасында жариялаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
«Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Сіздерді Ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация біздің Тәуелсіздігімізге жол ашқан маңызды құжат. Республика күні – барша халқымыз үшін ортақ мейрам, елдігімізді нығайтып, бірлігімізді бекемдейтін айрықша күн. Мереке күні сіздерге бақыт пен береке, молшылық пен табыс тілеймін. Еліміздің егемендігі баянды болсын! Мереке құтты болсын!», — делінген жазбада.