СҚО-ның туристік аймағында демалыс құны қанша?

Көпшілігіміз асыға күткен жаз мезгілі де келіп жетті. Осы уақытта тұрғындар демалысын жоспарлай бастайды. Кейбірі шетелге шығып саяхаттағанды құп көреді. Ал өңірде қалып, демалысты өзіміздің туристік аймақтарда өткізетіндер үшін Qazaqstan Media тілшісі демалу құны қанша екенін анықтап көрді.

Солтүстік Қазақстанның жауһары атанған Имантау-Шалқар курорттық аймағы  тұмса табиғатымен кез келген адамды баурайды. Қарағайлы-қайыңды орманмен көмкерілген көлдердің маңында 40-тан астам туризм нысаны орналасқан. Биыл мұнда келетін туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға артып, 95 мыңға жетті. Ал белсенді демалысты ұнататындар өңірдегі тарихи-мәдени және табиғи нысандарды аралай алады.

СҚО-ның туристік аймағында демалыс құны қанша?

Имантау-Шалқар курорттық аймағы бірегей табиғи ресурстарға ие. Және Қазақстанның ең үздік 10 туристік бағытына кіретін демалыс  орындардың бірі болып табылады.

«Имантау-Шалқар курорттық аймағы қазір қарқынды дамып келе жатыр. Қазіргі таңда Айыртау ауданы бойынша 44 демалыс орталығы жұмыс істейді. Бір мезетте мұнда 3651 демалысын өткізе алады. Биыл 10 демалыс орны 1 млрд 825 млн теңге құйып өздерінің орталықтарын дамытуды жоспарлап отыр», — дейді Айыртау ауданы кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Аманбек Махметов.

СҚО-ның туристік аймағында демалыс құны қанша?

 

 

 

2022-2023 жылдары Көкшетау мемлекеттік ұлттық паркі арқылы 22 жер участкесі бөлінген. Бұл жер телімдеріне қазір жаңа инвесторлар тартылып жатыр. 2024-2025 жылдары Айыртау ауданында тағы жаңа 22 демалыс орны пайда болуы мүмкін.

«Шалқар-Имантау аймағының ең басты проблемасы жол болатын. Қазіргі таңда бұл мәселе өз шешімін тауып жатыр. Мемлекеттік ұлттық паркпен келісімшартқа қол қойып биыл тоғыз жол торабына сметалық құжаттама әзірленуде. Барлығы ойдағыдай болса 2024-2025 жылдары тек Имантау-Шалқар бойынша 9 жол торабы жөнделеді. Қажетті қаражат бөлініп жатыр», — деді Айыртау ауданы кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Аманбек Махметов.

Шалқар-Имантау курорттық аймағындағы туризм саласына құйылатын қаражат жылдан жылға артып келеді. Соңғы бес жылда 3 миллиард 750 миллион теңгеден астам инвестиция құйылған. 2023 жылы жалпы сомасы 500 млн теңгеге бес демалыс орны жаңартылыпты. Биыл   тағы  тоғыз демалыс орны жөнделіп, аумағы кеңейтілмек екен. Имантау курорттық аймағында «Тихая заводь» демалыс орны орналасқан. Бұл жерде жалпы 12 үй бар. Олардың сегізі төрт адамға шақталған классикалық болса, төртеуі күмбезді үй. Сонымен қатар қазақи нақыштағы төрт киіз үйде бар. Үйлердің бағасы тәулігіне 40-50 мың теңге аралығында. Дегенмен, бұл бағалар әр ай сайын өзгеріп отырады екен. Демалыс орнының аумағында монша, жағажай бар. Бұл жерге тұрғындар  өз шатырларымен келіп, демала алады. Бағасы бір адамға 4500 теңге. Солтүстік Қазақстанның жауһары атанған Шалқар-Имантау курорттық аймағына келетін шетелдіктердің де  қатары артуда.

СҚО-ның туристік аймағында демалыс құны қанша?

«Демалыс орны өте қатты ұнап жатыр. Кеше тауға да шықтық. Мен өзім Қазақстанда туылғанмын. Бірақ 30 жылдан бері Америкада тұрамын. Осындай табиғатты көргенде қайта елге оралғым келеді. Ешбір шет елдің табиғаты Қазақстанға жете алмайды», — деді демалушы Татьяна Загацкий.

СҚО-ның туристік аймағында демалыс құны қанша?

 Имантау курорттық аймағында  «Адель» демалыс орны да орналасқан. Бұл жерде жалпы 10 үй бар. Олардың жетеуі екіқабатты болса, үшеуі бірқабатты үйлер. Және 40  адамға шақталған қазақи киіз үйде бар. Бағасы адам басына жеті мың теңгеден басталады. Демалыс орнында қайықтар мен велосипед, квадрокоптерлер де жалға беріледі. Бағасы 2000 теңге. Жалпы тұрғындар Петропавлдан күнделікті «Петропавл-Имантау» маршруттық автобусымен демалыс орындарына жете алады. Билет құны 2700 теңгені құрайды.

СҚО-ның туристік аймағында демалыс құны қанша?

Тағы оқыңыз:СҚО әкімі мемлекеттік қызметшілер мен полицейлерді мерекемен құттықтады

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x