СҚО-да медициналық жабдықтарды алуға биылрекордтық қаржы — 5,2 млрд теңге бөлінген. Мұндай сома салаға соңғы 3 жыл ішінде бағытталмаған екен,деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
2023 жылы медицина саласына қажетті қондырғыларды сатып алу үшін 5,2 млрд теңге қарастырылған. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда көп. Мысалы, 2020 жылы жабдықтарға 3,8 млрд теңге бөлінді. 2021 жылы 3,3 млрд, ал 2022 жылы 4,5 млрд теңге бағытталған.
Жергілікті бюджеттен бөлінген 4,9 млрд теңгеге 231 жабдық алынды. Оның 59-ы орнатылды, 88-і енді әкелінеді. Ал қалғаны бойынша сатып алу жұмыстарыжүргізілуде.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында Тайынша ауданаралық көпбейінді ауруханасына 19 техника алу үшін 251,7 млн теңге бөлінген. Оның 2-уі орнатылды. 15-і ендіжеткізіледі. 2 қондырғыны сатып алу жұмыстарыжүргізіліп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасыныңмәліметінше, жабдықтардың басым бөлігі осы айда келеді екен.
Тағы оқыңыз: Петропавлдық режиссер 300-ден астам қуыршақты жасаған