СҚО-да үш күн ішінде түрмеге телефон өткізудің екі фактісі тіркелді 

СҚО-да темір торға 12 ұялы телефон мен бірнеше SIM карта өткізбек болған екі азамат ұсталды. Қазіргі кезде оларды әкімшілік жауапкершіліке тарту үшін материал жиналып жатыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қызметкерлер мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері үш күн ішінде тыйым салынған заттарды түрмеге өткіздуің екі фактісін анықтады. Оқиғалар сәуірдің 25 мен 27 аралығында болған. №48 түзету мекемесіне 24 жастағы бұрын сотталмаған В. есімді азамат және 45 жастағы С. есімді  ер адам байланыс құралдарын жеткізбекші болған. Соңғысы бұрын сотталған екен. 

«Бірінші жағдайда бес телефон, сондай-ақ бес SIM карта, бес зарядтағыш блог, үш құлаққап және төрт USB сым, ал екінші жағдайда жеті телефон, үш SIM карта табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы 1-бөлігі бойынша азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар жиналып жатыр», — деп хабарлайды СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 1 мамыр күні жалпықалалық сенбілік өтеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x