Петропавлда «Mix Universal» жаңа кәсіпорнына 600 млн теңге инвестиция тартылған. Оның 400 млн теңгесі жеңілдетілген несие. Кәсіпорын құрғақ құрылыс қоспалары мен автоклавты газдалған блоктарды шығарады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Құрғақ құрылыс қоспалары мен автоклавты газдалған блоктарды шығаратын кәсіпорынға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов барды. Бүгінде мұнда 60 жаңа жұмыс орны ашылған. «Mix Universal» толық қуатына шыққанда жылына 65 мың текше метрге дейін құрылыс материалдарын өндіретін болады. Қазіргі уақытта газ блоктары мен қоспаларына жергілікті құрылыс компаниялары тапсырыс беріп жатыр. Сондай-ақ кәсіпорынға көмек ретінде мемлекет есебінен қажетті инфрақұрылым жүргізілді.
Тағы оқыңыз: СҚО-да күн сайын бір тұрғын интернет алаяқтардың құрбаны атанады