СҚО-да сотталған азаматтар шахматтан онлайн турнирге қатысты

СҚО бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерінде сотталғандар арасында шахматтан облыстық онлайн турнир ұйымдастырылды. Турнирге облыстың 5 мекемесінің атынан 20 сотталған қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Mеdia тілшісі.

Іс-шара “Бостандық үшін шахмат” бағдарламасы аясында өтті. Ол бүкіл әлем бойынша түзеу мекемелерінде білім беру және әлеуметтік бейімдеу құралы ретінде шахматты енгізуге бағытталған. Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша танымал шахмат сайттарының бірінде өтті. Турнир қорытындысы бойынша №51 мекеме командасы жеңімпаз атанды, №66 мекеме командасы екінші орынды және №48 мекеме командасы үшінші орынды иеленді. Жүлдегерлер грамоталармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.

«Мен алғаш рет олимпиадалық жүйе бойынша шахматтан онлайн турнирге қатыстым. Мұндай турнирде қарсыласыңды көрмейсің, оның көңіл-күйін және мінезін, қимылын байқай алмайсың. Сонысымен де ерекше. Қарсыластарым күшті болды деп айта аламын. Кейбір партияларда тактикалық нюанстар арқылы жеңіске жеттім. Мен шахмат ойнауды бала кезімде үйрендім және облыстық жарыстарда өз дағдыларымды көрсетуге мүмкіндік пайда болғанына өте қуаныштымын», – деп бөлісті турнирге қатысқан жазасын өтеуші.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мектептерінде балаларға ұлттық тағамдар ұсынылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x