«Солнечный - 2» шағын ауданының тұрғындары жарықсыз отыр

Петропавлдағы «Солнечный — 2» шағын ауданының тұрғындары бір тәулікке таяу жарықсыз отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ауданда электр энергиясы тамыздың 21-і күні кешкі 4-5-тер шамасында сөндірілген. Содан бері 17 сағат өтті. Бірақ жарық әлі берілмеді дейді ашынған тұрғындар.

«Жарық сөнеді деп ешкім ескерткен жоқ. Хабарландыру көрмедік. Азық-түлігіміз бүлініп жатыр. Әкімдікке кешеден бері хабарласып жатырмыз. Әлі мәселе шешілген жоқ», — дейді Мұхтар Қалиев.

Жағдайды анықтау үшін қалалық әкімдікке хабарластық. Мұндағылар электр желісінде апат орын алды деп отыр.

«Қазір арнайы бригада апат орнында. Олар таңертеңнен бастап жұмыс істеп жатыр. Жақын арада электр энергиясы беріліп қалуы тиіс», — деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Өңір әкімдіктері астық қоймаларын дайындауы қажет

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x