Петропавлдағы №3 қалалық емханада науқастарды медбикелер қабылдай алады

Қазақстанда енді медбикелер де науқастарды қабылдап, диагноз қоя алады. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бұл жаңашылдық дәрігерлердің жүктемесін азайтып, емделушілердің уақытын үнемдеуге сеп болады деп отыр. Петропавлдағы №3 қалалық емханада да осы жоба іске қосылды. Енді орта арнаулы медициналық білімі бар мамандар созылмалы аурумен есепте тұрған науқастарды өздігінен қабылдап, дәріге рецепт жазып бере алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Татьяна Новикова 10 жылдан бері медбике болып жұмыс істейді. Тәжірибелі маман, күніне 7 науқасты өз бетінше қабылдай алады. Ол емдеуді тағайындап, рецепт жазады және динамикалық бақылау жүргізеді.

«Біз созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған науқастарды бақылаймыз. Оларға динамикалық бақылау жүргізіп, тегін дәрі-дәрмектерді береміз. Біздің учаскеде балалар да, ересектер де, зейнеткерлер де бар. Министрліктің жаңашылдығына сай, қазір емделушілерді өзіміз қабылдап бастадық. Бұл біздің біліктілігімізді көтеруге де өз септігін тигізбек», — деді Татьяна Новикова.

Бұл жаңашылдықтың нәтижесінде енді дәрігерлер күрделі ауруы бар науқастарға көбірек көңіл бөле алады. Айта кетейік, қазір емханада 530 маман жұмыс істейді.

«Біздің емхана бұл тәжірибені өткен жылдың қыркүйегінде іске қосқан болатын. Үздік тәжірибелер орталығын ашуға дайындалып, осы жаңашылдықты қолданып көруді шештік. Бір жылға жуық уақыт бойы осы режимде 21 медбике жұмыс істеді. Бастапқыда науқастарды дәрігерге емес, тікелей медбикелерге келуге үйрету қиын болды. Халықтың сеніміне кіру оңай болмады. Бірақ қазір күн өткен сайын бәрі оңайырақ», — деді №3 қалалық емхананың сараптама және медициналық қызмет көрсету сапасы жөніндегі директордың орынбасары Марианна Нижегородова

Тағы оқыңыз:СҚО-да алдағы күндері 38 градусқа дейін ыстық болады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x