Петропавлда суға батып кеткен баланың денесі табылды

Петропавлда 10 жасар бала маусымның 14-і күні суға батып кеткен болатын. Оның денесін құтқарушылар бір аптадан астам уақыттан бері іздеді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгін 10 жасар Умар Самухутдиновтың денесін құтқарушылар Қызылжар ауданының аумағында тапқан. Есіл өзеннің қатты ағысы оны қаладан 20 шақырымдай жерге алып кеткен. 

Петропавлда суға батып кеткен баланың денесі табылды

«Бүгін сағат 15:45-те құтқарушылар Қызылжар ауданы Соколовка елді мекенінің маңында 2014 жылы туған  баланың мәйітін тауып, шығарды. Өлім жағдайлары нақтыланып жатыр. Баланың денесі сот- медициналық сараптамаға жіберілді», — деді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бір апта бұрын суға батып кеткен баланың денесін іздеуге құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен волонтерлер жұмылдырылған болатын. 

Тағы оқыңыз: Петропавлда бір апта бұрын суға батып кеткен баланың денесі әлі табылған жоқ

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x