12 ақпан күні таңертең Петропавлдағы мектептердің бірінен өрт шықты. Дер кезінде жеткен мамандар отты 30 минутта сөндірді, деп жазады Qazaqstan Media.
Н. Назарбаев көшесіндегі №7 орта мектептің электр қалқаны орналасқан бөлмесінде өрт шыққан. ТЖД қызметкерлері жедел жетіп, 30 минут ішінде жалынды толық сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері анықталуда.
Сонымен қатар, 11-ші ақпан күні Халтурин көшесінде жеке үй өртеніп, үш адам түтінге уланып, ауруханаға түсті. Екеуінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Бір адам терапия бөлімінде ем қабылдауда.
Екі жағдайда да оттың шығу себебі анықталуда.
Тағы оқыңыз: «Soltústіk Qazaqstan» газетіне — 105 жыл