Петропавлда еліміздегі ең көне саябақтардың бірі орналасқан

Петропавл қаласында Қазақстандағы ең көне саябақтардың бірі орналасқан. 150 жылдан астам тарихы бар ашық аспан астындағы демалыс орны әр маусымда орта есеппен 50 мың отбасын қарсы алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Саябаққа  8 баланың анасы Батба Қалдыбекова жиі келеді. Көпбалалы отбасы мұнда жақсы демалыс өткізіп, серігіп қайтаймыз дейді.

«Балаларымыз осы саябақты ұнатады. Жақсы көңіл-күй сыйлайды. Сондықтан жиі келіп тұрамыз. Тынығып, жақсы әсер алып қайтамыз. Қаламызда  осындай саябақтардың бары қуантады», — дейді көпбалалы ана.

Саябақ әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілерге арналған көше  — Қазақстан  Конституциясы көшесінде орналасқан. Жан-жағын жайқалып өскен қайың мен терек ағаштары көмкерген.

«70-ші жылдары осы жерге келіп тұратынбыз. Ол кезде жаспыз ғой, барлығы басқаша болатын. Қазір көркейіп, әдемілене түскен», — дейді зейнеткер Күлбаршын Сәпиева.

 

Петропавлда еліміздегі ең көне саябақтардың бірі орналасқан

 

Нысан әкімшілігінің айтуынша, демалыс орнына шетелдіктер де жиі келеді. Мұнда түрлі жастағы балаларға арналған 40-қа жуық аттракцион жұмыс істеп тұр. Саябақтағы ең үлкен аттракцион – шолу дөңгелегі. Оның көмегімен 27 метр биіктікке көтеріліп, әсем шаһарды тамашалауға болады.

«Қала тұрғындарының барлығы жаз бойы осында демалады. Аттракциондарды жаңалап отырамыз. Жыл сайын қайырымдылық жасап, жағдайы төмен отбасылардың балаларына тегін билет таратамыз. Қазақстанда ашық аспан астында жұмыс істейтін саябақтар санаулы ғана», — дейді саябақ директоры Александр Козлов.

Тағы оқыңыз:Мектептердегі буллингке қарсы бірыңғай бағдарлама әзірленіп жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x