Петропавлда көпқабатты үйлердің бірінен құлаған 15 жасар қыз ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Ақпанның тоғызы күні қалалық полиция басқармасының 102-і жедел арнасына 15 жасар қыздың көпқабатты үйден құлағаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Жасөспірім бірден ауруханаға жеткізілген.
«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Істің мән-жайын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері басталды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданында 92 үйді су басу қауіпі бар