Елімізде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға көңіл бөлінуде

Биыл елімізде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін «Мен Кәсіпкер» жобасы қолға алынды. Ол өңірімізде де сәтті жүзеге асырылуда. Жыл басталғалы СҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдері 207 кәсіпкерге аналитикалық қызмет және сервистік қолдау көрсеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Соңғы жылдары елімізде жеке ісін бастағысы келетін және жұмыс істеп жүрген кәсіпкелерге көрсетілетін қолдау артып келеді. Бұдан біздің облыс та шет қалып жатқан жоқ. Мәселен, қазіргі уақытта өңірлік Кәсіпкерлер платасы қаржылай емес шараларды іске асырып жатыр. Оған «Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтары» және «Мен Кәсіпкер» атты жобалар кіреді.

«Аталған қос жоба аясында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастағысы келетін тұлғаларға ақпараттық-аналитикалық қызметтер және сервистік қолдау көрсетіледі. Барлығы тегін. Жылдың басынан бастап 207 кәсіпкеркерге 212 қызмет көрсетілді. Ал ақпараттық-аналитикалық бағыт бойынша 611 адамға 3191 қызмет көрсетілген болатын», — деді СҚО Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Әсел Самаратова.

«Мен Кәсіпкер» жобасының негізгі бағыттарының бірі — нәзікжандылардың ынтасын оятып, олардың арасында кәсіпкерлікті дамыту. Мұндай бағдарлама бүгіндері еліміздің әр өңірінде жұмыс істеп тұр.

«Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы — бұл іскер әйелдерге, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге қаржылай емес қолдау көрсету алаңы. Мұнда олар стартаптарды ынталандыру, экономикалық белсенділікті арттыру және оқыту бағдарламаларына қатысу үшін бірқатар қызметтерді ала алады. «Мен Кәсіпкер» жобасында ауыл тұрғындары үшін де мүмкіндіктер қарастырылған», — деді Әсел Самаратова.

Тағы оқыңыз: МИБ туралы заңнамаға өзгеріс енгізерде халықпен ақылдасу керек – Мәулен Әшімбаев

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x