Бүгін қасиетті Қадір түні

2024 жылы сәуірдің 5-нен 6-на қараған түні – Қадір түні. Ол күн батқаннан сәресіге дейін жалғасады.  Қадір түні кірместен бұрын дәрет алып, таза ниетте қарсы алған дұрыс, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қадір түні араб тілінде Ляйлятуль-Кадр немесе Аль-Кадр деп айтылады. Мағынасы «қасиетті, қадірлі, құдіретті, маңызды түн» дегенді білдіреді. Қадір түнінде Мұхаммед пайғамбарға Жәбірейіл періште келіп, Құранды берген деп саналады. Бұл Рамазан айының аяғы, яғни он түнінің бірі болған. Ораза айында мың айдан да қадірлі түн бар екені айтылады. Бұл түн Қадір түніне сәйкес келеді. Қадір түні туралы Құран Кәрімнің «Қадір сүресінде» де айтылған. Сол себепті мұсылмандар Қадір түнін күзетіп, ұйықтамай құлшылық етеді. Қадір түні жасалған ғибадат мың айға, яғни сексен үш жылға тең.

Қасиетті түнде құлшылық жасап, намаз оқу, құран оқу, уағыз тыңдау, тәпсі тартып, зікір ету, дұға қылу, мүмкіндігінше мешітке келу, садақа жасау, Құран қызметінде болатын амал жасаған абзал.

Тағы оқыңыз: «2017 жылы су тасқыны болғанда ауламызға су кірмеген еді» – СҚО тұрғыны

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x