Александр Винокуров Ironman әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Велоспорттан Олимпиада чемпионы, Astana Qazaqstan Team клубының бас менеджері жерлесіміз Александр Винокуров Францияның Ницца қаласында өзінің жас санатында өткен Ironman жарысында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ол 140,6 мильдік квестте алтын медальді жеңіп алды. Еске сала кетейік, бұл жерлесіміздің аталмыш додадағы алғашқы жеңісі емес. Осыған дейін де ол жеңімпаз атанған болатын.

«Бұл жарысқа барынша дайындалдым. Өйткені жақында Шотландияның Глазго қаласында өткен әлем чемпионатындағы жетістігімді қайталағым келді. Осы мақсатыма жеттім де. Бұл – менің Ironman-дағы екінші жеңісім. Ниццадағы жолмен бұрыннан таныспын. Бұл жерде мен Тур де Франс кезінде жарысқанмын. Сондықтан маған оңайырақ болды. Алтын жүлдені жеңіп алғаныма, әрине, қуаныштымын!» – деді Винокуров.

Айта кетсек, 16 қыркүйекте Александр Винокуров 50 жасқа толады.

Александр Винокуров Ironman әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
Александр Винокуров Ironman әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

«Бұл жеңісті барша Қазақстан халқына және 50 жылдық мерейтойым қарсаңында ата-анама арнағым келеді», – деді велошабандоз.

Александр Винокуров – 2006 жылы Испанияда өткен Вуэльта жарысының жеңімпазы. 2012 жылы топтық сында Олимпиада чемпионы атанды. Сондай-ақ ол UCI демеушілігімен өткен түрлі беделді веложарыстардың жеңімпазы болды.

 Тағы оқыңыз: Петропавл қаласының әкімі халықпен кездеседі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x