2024 жылы 3000 азамат әскер қатарына шақырылады

Еліміздің Қорғаныс министрлігі «Әскери қызметке міндеттілерді 2024 жылға әскери дайындыққа шақыру туралы» бұйрық дайындады.  Жоба 23 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«2024 жылы әскери дайындықтан өтуге тиіс 3 000 адамды әскери дайындыққа шақыру», – делінген құжатта. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелген.

Ал 2023 жылы Қорғаныс министрлігі 1 500 қазақстандықты әскери дайындыққа шақырды.

Сонымен қатар, биылдан бастап 17 жасқа толған азаматтардың құжаттары қарулы күштердің электронды базасына енгізіліп, әскерге шақыру электронды түрде жүргізіледі. Қорғаныс министрлігінің бұл жобасы «Электрондық үкімет» порталы және «еGov» мобильдік қосымшасы арқылы жұмыс істейтін болады. Тіркеу барысында азаматтарды әскери есепке алу, олардың саны мен әскери қызметке жарамдылық санаты айқындалады. Сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы мәліметтер тиісті ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын болады. Ведомсво өкілдері қызмет түрлерін автоматтандыру арқылы қағазбастылық азайып, енді барлық құжат электронды түрде қолжетімді болатынын атап өтті.

Тағы оқыңыз:  СҚО-да былтыр ит пен мысық иелеріне 19 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x