[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/photo1674453513-1.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру басталды. Өңірде 7 мыңнан астам темір тұлпар тіркелмек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Шетелдік көліктерді заңдастыру рәсімі 3 кезеңнен тұрады. Алғашқысында:
— көліктің 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ҚР аумағына келгені;
— бұрын тіркелген жерінен шығарылуы;
— кедендік тазартудан өткені тексеріледі.
«Екінші кезеңде криминалист маман тексеріс жүргізеді. Ол техникалық куәлікте көрсетілген нөмірлердің көліктегі нөмірлермен сәйкестігіне көз жеткізеді. Егер қандай да бір олқылық тіркелмесе, автомобиль иесі үшінші кезеңге жіберіледі. Бұл кезеңде көлік иесі бірінші тіркеу үшін 200 мың теңге, қос мемлекеттік нөмір үшін 9660 теңге және техникалық куәлік үшін 4313 теңге төлейді. Осыдан соң көлік заңдастырылған болып есептеледі», — дейді СҚО ПД процессингтік орталығының аға мемлекеттік автоинспекторы Қайрат Сейітқұлов.
Көлігін заңдастыруға келгендердің бірі — Дамир Үсенов. Ол жарты сағат ішінде шаруасын тындырған.
«Заңдастыру өте жылдам жүргізіліп жатыр. Көлігімді тіркеу үшін жақында көрші елге барып, бұрын тіркелген жерінен шығарып келдім. Ешқандай қиындық туындап жатқан жоқ», — дейді қала тұрғыны.
Көліктерді халыққа қызмет көрсету орталығының қаламыздағы 5 бөлімінде заңдастыруға болады.
«Шетелдік көліктерді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында тіркеуге болады. Бұл жерге қосымша 8 маманды тарттық. Шетелдік автокөліктерді онлайн заңдастыруға да болады. Ол үшін елімізде арнайы сервис іске қосылды. Ол eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Кенжекей Сүлейменова.
Заңдастырылуға өтінім беру 1 шілдеге дейін жалғасады.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]