Қазақстандықтар қала және аудан әкімдерін өздері сайлайды

Қазақстанда әкімдерді сайлау жүйесі келесі жылдан іске қосылады. Аудан және облыстық маңызы бар қалалардың басшылары тікелей сайлау арқылы тағайындалатын болады. Бұл туралы мемлекет басшысы кезекті халыққа жолдауында айтқан болатын. Белгілі болғандай әкімдер бұл жолы төрт жылға сайланады екен, деп жазады Qazaqstan Media.

Әкім болғысы келетін үміткердің жасы 25-тен асқан болуы шарт. Оны жергілікті халық құпия дауыс беру арқылы таңдайды. Кандидаттарды ауыл әкімдерін сайлау үдерісіндегідей, яғни тіркелген саяси партиялар және жоғары тұрған әкім ұсына алады. Егер ұсыну мерзімі аяқталған кезде бір ғана кандидат болса, оған балама ретінде облыс әкімі екінші кандидатты ұсына алады. Ал кандидаттар мүлдем болмаса, онда облыс әкімі екі кандидатураны ұсынады.

Өзін-өзі ұсынған кандидат сайлауға қатысуы үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тұратын сайлаушылардың кемінде бір пайыз қолын жинауы керек. Сайланатын әкімнің өкілеттік мерзімі – төрт жыл. Бір адам қатарынан екі реттен артық аудан әкімі болып сайлана алмайды.

Петропавл қаласының қазіргі әкімі Серік Мұхамедиев алдағы сайлауға түсе  ме, жоқ па белгісіз. Ол 2023 жылдың бірінші шілдесінде тағайындалған болатын.  Бұған дейін Серік Мұхамедиев Ғ. Мүсірепов ауданында әкім болды.

Тағы оқыңыз: Елімізде иесі бар ит біреуді қауып алса, қылмыстық жаза қолданылуы мүмкін

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x