Петропавлдағы сауда үйлерінің бірінде ер адам спирт сатып келген

Петропавлдықтың гаражынан 200 литрден астам спирт тәркіленді. Алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактісін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтаған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Спиртті 62 жастағы қала тұрғыны Петропавлдағы сауда үйлерінің бірінде сатып келген. Полиция қызметкерлері одан спирт құйылған 5 литрлік бөтелке мен тағы 15 литрді жалға алынған жертөледегі қоймадан тәркіледі. Заңсыз сатылып келген өнімнің негізгі бөлігі ер адамның екі гаражында сақталған.

«Бұл орындардан 213 литр спирт тәркіленді. Қала тұрғыны тиiстi тiркеусiз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Полицейлер лицензияланбаған алкоголь өмірге және денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін екенін еске салады, ал заңсыз сауда қылмыс санының артуына ықпал етуі мүмкін», — делінген облыстық ПД баспасөз қызметі.

Осыған дейін редакция СҚО-да ауыл тұрғынынан 500 литрге жуық спирт өнімі тәркіленгенін жазған болатын.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы жедел жәрдем орталығын троллейбус паркіне көшіру ұсынылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x