Тісін уақытылы емдемеген петропавлдық жансақтау бөлімінен бірақ шықты

Петропавлдық жігіт тісін уақытылы емдетпей, асқындырып алған. Салдарынан оған дереу ота жасалып, жеті күн бойы жансақтау бөлімінде жатты, деп жазады Qazaqstan Media.

Петропавл қалалық көпбейінді ауруханасының бет-жақ хирургиясы бөлімшесіне бір ай бұрын асқынған флегманамен пациент түсті. Ер адамның тісі ауырып, ол ауырсынғанды басатын дәрі ішіп, шыдап жүре берген. Кейін жағы ісіп, жағдайы нашарлаған соң ауруханаға жүгінген. Дәрігерлерге келгенде оның бетіндегі ісігі ұлғайып кеткен. Ақ халаттылар ауырған тісті жұлып тастап, іріңдеген абсцессті ашты.

«Науқастың жағдайы нашар болғаны сондай, ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, 7 күн бойы реанимацияда жатты. Әйтеуір жүргізілген ем жақсы нәтиже көрсетіп, асқыну тоқтатылды, тіндері тартыла бастады. Содан кейін пациенттің ісігінің орны тігілді», — деп жазады аурухана дәрігерлері.

Қазіргі кезде науқастың жағдайы жақсы. Жақын күндері ауруханадан үйіне шығады.

Тағы оқыңыз: СҚО-дағы ауылдардың бірінде асхана өртеніп кетті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *