Петропавлдағы Янгуразовтың үйі мәдени орталыққа айналады

Петропавлда қайта жаңғыртудан өткен Янгузаровтың үйі немесе көпшілікке қалыңдық үйі деп танылған ғимарат болашақта мәдени орталыққа айналады. Нысанды қалпына келтіру жұмыстарын облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тексерді, деп жазады Qazaqstan Media.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов республикалық маңызы бар Янгуразовтың үйі тарихи-мәдени ғимаратында болып, қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Басты міндет — ескерткіштің тарихи келбетін сақтау.

Петропавлдағы Янгуразовтың үйі мәдени орталыққа айналады

Жұмыстың әрбір кезеңінде зерттеулер мен мұрағаттық құжаттарға негізделген сәулеттік ерекшеліктер ескерілді. Бұл нысанның бастапқы келбетін барынша дәлдікпен қайта жасауға мүмкіндік береді. Қасбеттің түпнұсқа жазулары мен түстері бұрынғы қалпында сақталған.

Айта кету керек, мұнда 2013 жылдан 2016 жылға дейін мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша жөндеу-реставрациялау жұмыстары жүргізілді. Бірақ көп ұзамай олқылықтар табылды. Ол су бұру жүйелеріне, шатыр құрылымын ішінара ауыстыруға қатысты болды. Сонымен қатар, осы жолы шығаберіс пен кіреберіс есік блогын негізгі қасбетке көшіру секілді жұмыстары атқарылды. Өрт дабылы мен бейнебақылау жүйесі іске қосылды.

Петропавлдағы Янгуразовтың үйі мәдени орталыққа айналады

Ғылыми- реставрациялау жұмыстарын жүргізуге облыс бюджетінен қаражат бөлініпті. Оның соммасы 236 млн теңгеге жақындайды.

Тағы оқыңыз: СҚО қан орталығы тұрғындарды сүйек кемігінің әлеуетті доноры болуға шақырады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x