Өткен демалыс күндері полицейлер мас күйде рөлге отырған 10 солтүстікқазақстандықты анықтады. Олардың барлығы әкімшілік қамаққа алынды. Ал бір жүргізуші 15 тәулікке қамалды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Тәжірибе көрсеткендей, адамдардың көпшілігі демалыс күндері рөлге мас күйінде отырады екен. Олар әсіресе түнгі уақытта спирттік ішімдік ішіп, көлік тізгіндейді. Тәртіп сақшылары да осы кездерде рейдтік шараларды,  жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын күшейтеді.

Мәселен, өткен демалыс күндері Петропавл қаласында және облыс аудандарында 10 мас жүргізуші анықталды. Олардың барлығы әкімшілік қамаққа алынды. Мас жүргізушілер жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады.

«Ал ВАЗ-21070 жүргізушісі медициналық куәландырудан бас тартқан. Оны полицейлер Петропавл көшелерінің бірінде тоқтатқан болатын. Одан спирттік ішімдіктің иісі шығып тұрған. Ер адам бұл әрекеті үшін 15 тәулікке қамаққа алынып, сегіз жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін», – деді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

Тағы оқыңыз: 2025 жылдан бастап шаруаларға субсидия берілмейді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x