Солтүстік Қазақстан облысында Artemia salina шаяндарын заңсыз аулаған алты жігітке сот үкім шығарды. Олар былтыр қыркүйек айында Мамлют ауданында ұсталған болатын, деп жазады Qazaqstan Media.

СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мамандарына, облыс  тұрғыны жүйелі түрде Мамлют ауданында су жануарларын заңсыз аулаумен айналысады деген жедел ақпарат түседі. Оны тексеру барысында полицейлер және 3367 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Мамлют ауданы Токаревка ауылы маңында түнгі уақытта екі ВАЗ-21214 автокөлігін тоқтатты. Олардың бірінен бағалы шаян салынған жеті қап тәркіленді.

СҚО-да бағалы шаянды аулаған алты жігіт сотталды

Сараптамаға сәйкес, келтірілген шығын 1,7 млн теңгеден асты. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 335 бабы үшінші бөлігі, төртінші тармағы бойынша іс қозғалды.

«Artemia salina жұмыртқаларын заңсыз өндіру фактісі сараптама қорытындысымен дәлелденді. Күдіктілердің курткасында, шалбарларында және  етіктерінде Artemia salina жұмыртқа қабаттары анықталды. Үш жұп қолғап, етік, бес күрек, тросс, арқан, тор және бір қолғапта жұмыртқа қабаттары бар», — делінген іс материалдарында.

2024 жылдың наурыз айынан басталған Мамлют ауданындағы сот отырысы, қараша айына дейін жалғасқан. Сот үкімді 11-ші қарашада шығарды.

«Сот Тобыл Қорғанбаевты, Айдын Қорғанбаевты ҚР ҚК 335-бабы 3-бөлігінің 4-тармағында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Олардың әрқайсысына үш жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Сонымен қатар, жеті жыл мерзімге су жануарларын аулаумен айналысу құқығынан айырылсын. Жазаларын қауіпсіздік деңгейі ең төменгі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтесін», — делінген үкімде.

Іске қатысы бар тағы төрт азамат, үш жылға бас бостандығынан шектелді. Сотталғандардың жасы 22 мен 38 жас аралығында. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз: СҚО прокурорлары Приходченко отбасын өлтіргендерге тағайындалған жазамен келіспей отыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x