Петропавлдағы ауруханалардың біріне денесін күйік шалған 19 жастағы жігіт жеткізілді. Ол пеш тұтатамын деп зардап шеккен, деп жазады Qazaqstan Media.
Қызылжар ауданы Красногорка ауылының 19 жастағы тұрғыны үйінде пешті кішкентай газ оттығымен тұтатбақ болып, абайсызда күйіп қалған. Қазір ол Петропавл қаласындағы көпбейінді ауруханада жатыр.
«Мойны, сол қолы орташа деңгейде күйіп қалған. Қажетті ем-домды алып жатыр. Есін біледі», -деп нақтылады науқастың жағдайын дәрігерлер.
Өрт сөндірушілер болса, пешті жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолданбауды сұрайды. Сонымен қатар, сөндірілмеген күл мен көмірді ашық тастамаңыз деп ескертеді.
Тағы оқыңыз: СҚО-да білім бөлімінің бухгалтері сотталды