Солтүстікқазақстандық кәсіпорын авиаотын өндіретін болады

Солтүстікқазақстандық «BioOperations» ЖШС экологиялық таза авиаотын (SAF) өндіретін болады. Жобаны іске асыру үшін кәсіпорын «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС келісім жасасты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.  

ҚазМұгайГаз ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚазМұгайГаздың еншілес ұйымы) және «BioOperations» ЖШС экологиялық таза авиаотын өндіру жөніндегі — SAF жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойды. Қос тарап 8 қараша Алматыда өткен Green Airports ICAO өңірлік семинары барысында келісім жасасқан.

«Бұған дейін ICF халықаралық консалтингтік компаниясы қазақстандық тарапқа «BioOperations» ЖШС өндіретін шикізат-биоэтанолдың болуын ескере отырып, ATJ (Alcohol-to — Jet) технологиясы бойынша SAF өндірісін бастауды ұсынған болатын. Жалпы, «BioOperations» серіктестігі Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында орналасқан отандық зауыт. Ол – өңірдегі астықты терең өңдеу бойынша флагман болып табылады. Зауыттың басты артықшылығы — шикізат базасының болуы. Негізгі автомобиль жолдары және теміржол бойында орналасуы логистиканы оңтайландырады», — делінген ақпаратта.

BioOperations өндіретін биоэтанол — өсімдік шикізатынан алынған биоотын. Ол — әлемде тұтынуы артып келе жатқан және Еуропалық Одақ елдерінде кеңінен қолданылатын жоғары сапалы, жаңартылатын және экологиялық таза отын көзі. BioOperations биоэтанолды ЕО елдеріне және Ұлыбританияға экспорттайды.

Тайынша зауыты биоэтанол өндіру үшін астықтың әртүрлі түрлерін пайдаланады. Сондай-ақ глютен және крахмал сияқты астықты терең өңдейтін жанама өнімдерді өңдейді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ТЖД қызметкерлері жеткенше тұрғын үй қора-қопсысымен жанып кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x