СҚО-да төрт күн бұрын жоғалған қария әлі табылған жоқ

Солтүстік Қазақстанда 10 қарашада із-түссіз жоғалып кеткен 83 жастағы қарияны іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда. Есіл ауданы Бірлік ауылының тұрғыны түнгі сағат екіде үйден шығып, оралмаған, деп жазады Qazaqstan Media.

Қарияның жоғалғаны туралы Есіл ауданының полиция бөліміне баласы Ербол Сыздықов хабарлаған. Ол 1941 жылы туған әкесі Стах Сыздықовты табуға көмектесуін сұраған. Айтуынша, түнгі сағат екіде зейнеткер үйден белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған. Сондай-ақ, ол қарттың ұмытшақ екенін, осыған дейін де үйден бірнеше рет кеткенін айтқан.

СҚО-да төрт күн бұрын жоғалған қария әлі табылған жоқ

«Зейнеткерді іздеуге ауыл тұрғындары, полиция, құтқарушылар мен кинологтар, сүңгуірлер жұмылдырылған. Техника, ұшқышсыз ұшу аппараты да қосылды», — деп хабарлады СҚО төтенше жағдайлар департаменті.

Жоғалған ауыл тұрғынын іздеу жұмыстары төртінші күн жалғасып жатыр. Ауа райының құбылмалы болуы да жұмыстарды қиындатып отыр. Қатты боран мен көктайғақтың салдарынан облыста дауыл туралы ескерту жарияланды.

Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 25 адам хабар-ошарсыз кетіп, іздеу жарияланған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ұлы анасын өлтіріп, мәйітті өртемек болған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x