Сүйіктісімен ұрсысып қалған: СҚО полицейлері көпірден секірмек болған жігітті құтқарды

СҚО-да полицейлер жас жігітті құтқарып қалды. Ол сүйіктісімен ұрсысып, көпірден секірмек болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға қарашаның бесі күні кешкі сағат жетілер шамасында Астана – Петропавл тас жолында болған. Кезекшілік атқарып жүрген СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Константин Пеньков пен Руслан Касимов жанар-жағармай станциясының аумағында Toyota Corolla автокөлігінің жанында тұрған жігіт пен қызды байқап қалды. Олар жанжалдасып жатқан.

«Қандай да бір заң бұзушылықтар орын алмас үшін тәртіп сақшылары жастарға жақындап келгенде, жас жігіт ештеңе болмағанын айтып сендірді. Бірақ сәл ұзаған полицейлер жігіттің кенеттен көпір жаққа жүгіріп бара жатқанын байқап қалды. Батальон қызметкерлері дереу қызметтік көлікке мініп оның соңынан жүрді», — делінген облыстық ПД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Жігіт темір қоршауларға мініп секірмек болғанда полицейлер оны қолынан ұстап үлгерген. Осылайша, полиция қызметкерлері жас жігітті құтқарып қалды.

«Сәлден соң ашуы басылған жігіт полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО аумағында алдағы екі күн боран, көктайғақ болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x