Тірек-қимыл аппараты бұзылған қазақстандық оқушылардың жеке көмекшілері болады

Қазақстандық мектептерде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған жеке көмекшілер пайда болады. Мұны үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бүгінгі таңда психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) есебінде 203 мың мүгедектігі бар бала тұр. Олардың 66 мыңы – мектеп жасына дейінгі, 137 мыңы – мектеп жасындағы балалар. Аталған санаттағы балалар саны жыл сайын артуда.

«Арнайы қолдауға мұқтаж балаларды оқыту, тәрбиелеу, оңалту 496 мамандандырылған білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту үшін мектепке дейінгі ұйымдардың 69%-да, мектептердің 88%-да, колледждердің 80%-да жағдай жасалған. Мектептерде 1071 арнайы жабдықталған кабинет бар», — деді Ғани Бейсембаев.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен қазіргі таңда тоғыз мың арнайы педагог жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымдарда да «педагог-ассистент» лауазымы енгізілуде. 

«Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балалар үшін мектепте «жеке көмекші» лауазымы пайда болады. «Педагог» кәсіптік стандартына мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс бойынша жаңа мамандықтар енгізілуде. Педагогтердің біліктілігін арттыру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Биыл курстардан 5 мың педагог өтті. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өсуіне байланысты 3,5 мың арнайы педагогқа қажеттілік бар. Келесі оқу жылынан бастап «педагог-ассистенттер» колледждерде дайындалады, тиісті бұйрық қабылданды», — деді министр.

Сондай-ақ қатардағы педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл арнайы курстардан бес мың педагог өткен.

Тағы оқыңыз: Шалақындық ұстаз «Үздік педагог-2024» байқауының жеңімпазы атанды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *