Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеп жатыр. Екі айға жуық уақыт ішінде тәртіп сақшылары 347 жалдамалы пәтерді, 5700-ден аса саяжайды тексерген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Сонымен қатар, профилактикалық іс-шара барысында полицейлер 1200-ден астам шаруа және фермерлік қожалықтарды, еңбекті пайдалануы мүмкін деген 367 адам тұратын қыстақ пен ағаш кесетін орындарға барды. Оған қоса, түрлі есепте тұрған 11,5 мыңнан аса адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Базарлар мен тұрмыстық емес, қолданыста болған тауарларды сату орындарында 602 рейдтік іс-шара жүргізілді.
Есірткі граффитиді анықтау мен бояу жұмыстары жүргізілді. Қару иелері де тексеріліп жатыр. Оның нәтижесінде 54 қаруды сақтау ережесін бұзу, 60 тіркеу мерзімі мен қаруды қайта ресімдеу бұзушылығы анықталды. Көбінесе, тұрғындар қару сақтайтын сейфтерге түрлі құнды заттарын салып келген.
«Ақша, құжат, құнды заттар және қаруға қатысы жоқ басқа да заттарды қару сақтайтын сейфке салуға тыйым салынады. Осы 50 күннің ішінде заңсыз айналымнан 12 тіркелмеген тегіс ұңғылы қару алынды, – дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.
Тағы оқыңыз: СҚО-да танымал спортшы 23 жастағы жігітті құлдықта ұстаған