Облыстық жедел медициналық көмек орталығына құны 46 млн тұратын манекен жеткізілді. Оңтүстік Кореяда шығарылған жабдық, кеңейтілген реанимациялық көмекті көрсететін мамандарды оқытуға арналған. Мұндай манекен Қазақстан бойынша жедел жәрдем орталықтарында әлі жоқ, деп жазады Qazaqstan Media.
Жоғары деңгейлі көпфункционалды робот-тренажер кез келген клиникалық жағдайды модельдеу мүмкіндігімен практикалық дағдыларды дамытуға арналған. Негізгі өмірлік көрсеткіштерге еліктеуге, көз реакциясының өзгеруіне, тыныс алу жолдарының кеңейгенін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тыныс алу және дауыс дыбыстарына, ЭКГ-ны бақылауға, дефибрилляция мен кардиостимуляцияға, орындалатын жүрек-өкпе реанимациясының параметрлерін қадағалауға болады. Кардиология, пульмонология, эндокринология және өзге де клиникалық жағдайларды қайта жасауға мүмкіндік береді.
«Бұл манекен ЖМК қызметінің мамандарына жүрек-өкпе реанимациясын жоғары сапалы жүргізуді пысықтауға, жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетудегі ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді. Нұсқаушыларға өздерінің шындыққа барынша жақын клиникалық жағдайларын жасауға, медициналық персоналдың білімі мен дағдыларын тексеруге болады. Мұның бәрі ЖМК қызметкерлерінің кәсібилігін арттырады және ауруханаға дейінгі кезеңде пациенттерге сапалы қызмет көрсету үшін керек», — деді облыстық жедел медициналық көмек орталығындағылар.
Тағы оқыңыз: СҚО тұрғындары мемлекетке 14 млрд теңгеге жуық қарыз болған