Солтүстік Қазақстанда қараша айында жаңбыр, қар жауады. Бірақ синоптиктер айдың алғашқы күндері жылы болады деп болжап отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыс бойынша қараша айындағы орташа температура көпжылдық нормаға сәйкес болады. Яғни, шамамен -6; -7 градус.
Айдың алғашқы он күндігінде күндіз термометр көрсеткіші +12 градусқа дейін көтеріледі. Ал түнгі уақытта -8 ге дейін төмендейді.
«Екінші онкүндікте түнде ауа температурасы -3 градустан -20 градусқа дейін салқындайды. Күндіз +3 пен -14 градус арасында ауытқулар болады», — деп болжап отыр синоптиктер.
Айдың соңғы күндерінде түнде кей жерлерде -24 градусқа дейін суық болуы ықтимал. Күндізгі мезгілде -4; -9 , облыстың кейбір аудандарында -16 суық болмақ.
Өңірдің шығыс бөлігінде жауын-шашын көп түсуі мүмкін. Қалған бөлігінде нормаға сәйкес болады. Қарашада жаңбыр да, қар да жауады. Бірінші онкүндіктің соңында қалың тұман түседі. Ай бойы желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанып отыр.
Тағы оқыңыз: СҚО дүкендерінде сапасыз тауарлар сатылған