Солтүстік Қазақстан облысында Меңкесер тұзды көлінен Аrtemia salina шаяндарын заңсыз аулағандар ұсталды. Олардан 460 киллограмм шаян жұмыртқалары тәркіленді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлеріне хабар түскен соң, олар үш жігітті назарға алады. Күдіктілер Аrtemia salina шаянын Мамлют ауданы Мекңкесер көлінен аулап келген. Олардың біреуі Қызылжар ауданының 33 жастағы тұрғыны болса, екеуі 33 және 22 жастағы петропавлдық болып шықты.
Тәртіп сақшылары олардан жалпы салмағы 460 килограммды құрайтын 6 қапқа салынған шаян жұмыртқаларын тәркіледі. Жүргізілген сараптама мемлекетке 3 миллион 712 мың теңге зиян келтірілгенін көрсеткен.
Олар енді заң алдында жауап береді. Күдіктілер 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге сотталулары мүмкін.
Тағы оқыңыз: СҚО-ға қосымша 504 тонна сұйытылған газ жіберілді