Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өткен жиында мемлекепттік кірістер департаментінің басшысы салық мәселесін көтерді. Себебі, кей кәсіпорындар біздің өңірде пайда тауып отырса да, салығы басқа облысқа кетіп жатқан көрінеді. Оған қоса, жұмысшылардың жалақасынан түсетін аударымдарды да бақылауға алу керектігі айтылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған әкімдік отырысында көтерілген мәселелердің бірі — салық аударымдары болды. Бұл салада облыс қазынасына түсетін қаражатты бақылау маңызды болып отыр. СҚО мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Төлеген Қабдушев, жыл соңына дейін еңбекақы төлеу қорынан міндеттемелер бойынша барлық салықтарды жинау қажет деді. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін қожалықтарды бақылау маңызды.

«Биыл облыста мол өнім жиналды. Енді барлық фермерлер салықты соңғы кезекте төлеуге тырысады. Астықтың құны қаншалықты өсетінін ескере отырып, олар аударымдары келесі жылға қалдыруы мүмкін. Биыл тек жалақыны нақты төлейді», — деп атап өтті спикер.

Төлеген Қабдушев жүргізілген мониторинг барысында ауыл шаруашылығы саласында көрсетілген жалақылардың сәйкес келмейтіндігі анықталды. Ол бұл бағытта аудан әкімдеріне мемлекеттік кірістер басқармасымен тығыз жұмыс істеу қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар, кейбір кәсіпорындардан түсетін салық өзге өңірдің есебіне жазылып келе жатқандығын тағы да айтты. Мысалы, Тайынша ауданындағы Обуховка кен орны біздің облыста болса да, салық Ақмола облысының пайдасына түседі екен.
Осы орайда, облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аудан басшыларына барлық кәсіпорындарды бақылауда ұстап, тексерістен өткізуге кеңес берді. Салық аударымдары уақытылы және нақты облыс бюджетіне түсуі тиіс деп тапсырды өңір басшысы.

Тағы оқыңыз: Өмірінің соңына дейін түрмеде отырады: Петропавлда бизнесменнің отбасын өлтірді деп айыпталғандарға сот үкім шығарды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x