Су тасқыны кезінде қажырлы еңбек еткен петропавлдықтар марапатталды

Республика күніне орай бірқатар петропавлдықтар қала әкімі Серік Мұхамедиевтің қолынан марапат алды. Оларға облыс және қала әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаттары табысталды, деп жазады Qazaqstan Mediа.

Қымбат Қасымғожинаның құқық қорғау саласында жүргеніне 20 жыл болған. Соңғы жеті жылда ол Петропавл қалалық полиция басқармасының штаб бөлімінің бастығы лауазымында. Ол биылғы су тасқыны кезінде тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп, тынбай еңбек еткен. Республика күні қарсаңында сол еңбегі бағаланып, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хатын қоса алып отыр.

Су тасқыны кезінде қажырлы еңбек еткен петропавлдықтар марапатталды

«Су тасқыны кезінде күн-түн демей жұмыста болдық. Қалалық әкімдік мамандары, құтқарушылармен бірге тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын жүргіздік. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз еттік. Су басқан барлық шағын аудандарды аралап, халыққа барынша көмектесуге тырыстық. Екі-үш апта бойы тынымсыз жұмыс істедік», — деп еске алады марапатқа ие болған тәртіп сақшысы.

Бұл күні Қымбат Қасымғожина сынды марапатқа ие болғандардың қатары қалың. Олардың арасында құтқарушылар, әкімдік мамандары, «Қызылжар су» ЖШС қызметкерлері, еріктілер мен әскерилер де бар. Барлығы да көктемде тасқын сумен күресіп, оның салдарын жоюға септескен азаматтар.

Су тасқыны кезінде қажырлы еңбек еткен петропавлдықтар марапатталды

«Биыл облыс үшін де, қала үшін де қиын жыл болды.  Су тасқыны кезінде халықтың ауызбіршілігін көрдік. Жұмыла жұмыс істеп, табиғи апаттың салдарын да тез жойдық. Мен осындай бірлігі мен ынтымағы жарасқан қалада тұратындығымды мақтан етемін. Әр жұмысшы, әр маман өз жұмысын жауапкершілікпен атқара білді. Сол үшін сіздерге алғыс айтамын», — деді құттықтау сөзінде шаһар басшысы Серік Мұхамедиев.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық дәрігерлер ішегі түсіп қалған зейнеткерге ота жасады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *