Петропавлда зейнеткер мен немересі газдан уланып, ауруханаға түсті

Петропавлда әжесі мен немересі газдан уланып, ауруханаға түсті. Олар бензинмен жұмыс істейтін генераторды қосқан, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Исі тиіп улану фактісі Петропавлдағы Труд саяжай қауымдастығында болды. 20-шы қазан күні кешкі сағат тоғыздар шамасында екі адам газбен улану диагнозымен жедел жәрдем арқылы медициналық мекемелерге жеткізілді. Оның бірі-14 жастағы жасөспірім. Ол қазір облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Жағдайы орташа, тұрақты.
Ал 68 жастағы зейнеткердің жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр. Ол көпбейінді қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Екі науқасқа да иіс тиіп уалану диагнозы қойылды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер әжесі мен немересі. Олар саяжайда бензинмен жұмыс істейтін генераторды қосқан. Олар содан шыққан газдан уланған.

Тағы оқыңыз: Петропавлда балалар арасында «Менің Отаным» шығармашылық байқауы өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x