Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы «Құлагер» ипподромында ат спорты түрлерінен жарыс өтті. Оған өңіріміздің әр ауданынан сәйгүліктер қатысты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Құнан бәйге, жорға жарыс, аламан мен қыз қуу, аударыспақ. Бұл ипподромда ұйымдастырылған жарыстың түрлері.
Алдымен жарыс жолына жеті шақырымға жорға аттар шықты. Алты шабандоз шабысқа салмай, желіп отырып белгіленген қашықтықты бағындыруға тырысты. Барлығы да осы күнге дейін талай сайыста бақ сынаған спортшылар. Бірақ, бағы мен бабы келіскен «Аквамарин» атты сәйгүлік мәреге бірінші жетті. Шабандоз- Евгений Чибисов.

СҚО-да ат спорты түрлерінен ашық кубок ұйымдастырылды

«Менің ат спортымен айналысқаныма біраз уақыт болды. Талай жарыстарға қатыстым. Жорға жарыстан еліміздің чемпионы болдым. Биыл өткен Көшпенділер ойындарына да қатыстым. Өкінішке қарай, онда атымның күшін есептей алмай, жетінші келдім. Жалпы барлық жарыстарға қатысамын. Сайыстың үлкен-кішісі болмайды. Жылқы әрқашан бабында болуы керек», — дейді Аққайың ауданы атынан шыққан шабандоз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ат спорты өңірде дамып келеді. Әсіресе, жастар арасында қызығушылық артқан. Ашық кубокқа аударыспақтан финалға 21 жастағы шалақындық Рамазан Сәлім жолдама алған. Жас спортшы ат үстіндегі белдесу үшін ептілік пен жүрек керек, дейді.

СҚО-да ат спорты түрлерінен ашық кубок ұйымдастырылды

«Менің қарсыласым Қызылжар ауданының спортшысы. Бұған дейін де кездесіп жүрдік. Мықты спортшы. Бірақ намысты қолдан бермеуге тырысамын. Боз кілемде белдескен бөлек, ат үстінде белдескен бөлек. Астыңдағы атың сені тыңдауы керек, ептілік, шапшаңдық пен батылдық қажет», — деді Рамазан Сәлім.

Ат спорты түрлерінен облыстық ашық кубок — ат спорты маусымының жабылуы болып саналады. Ол дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
Ал құнан бәйгеге 11 шабандоз қатысуға ниет білдірген. Олар 7 шақырымға шабады. Аламанда 15 шақырымдық қашықтықты 16 тұлпар бағындырды. Жеңімпаздарға кубок пен ақшалай сыйақы беріледі. Жалпы жүлде қоры 2,5 млн теңгені құрайды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 500 тонна қоқыс шығарылған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x