Петропавлда 254 аула жөндеуді қажет етеді

Петропавлда биыл 30 аула абаттандырылған. Сонымен қатар, қаланың шеткі аудандарында  балалар мен спорт алаңдары орнатылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл Петропавлда аулаларды абаттандыру кешенді түрде жүргізілді. Жобаларды жасаған кезде балалар мен ересектердің қызығушылықтары ескерілді. Осылайша, көпфункционалды ойын алаңдары мен демалыс орындары жасалды.

Петропавлда 254 аула жөндеуді қажет етеді

Облыс орталығындағы аулалардың жағдайымен  Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты. Өңір басшысы Хименко көшесіндегі ауланы аралады. Мұнда асфальт төселіп,  автотұрақ пен жарықтандыру орнатылған. Футбол және баскетбол алаңы, балалар ойын алаңқайы бар. Бұған дейін мұның барлығы бөлек-бөлек орналақсан болатын және әрқайсысы жекелей жөнделген еді.  

«Жалпы, биыл қалада 30 ауладан тұратын тоғыз квартал кешенді абаттандырумен қамтылыпты.  Сондай-ақ Бірлік ықшам ауданында үш балалар және спорт алаңы, Жұмысшы кентінде тағы бір кешен орнатылған. Облыс орталығындағы 596 ауланың 254-і жаңартуды қажет етеді. Оларды дұрыстауға қаражат бөлініпті. Алдағы бес жылда барлығы жөнделетін болады», — деді облыс әкімі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департментінің басшысы қызметкерін үш рет «ақымақ» деп айтқан

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x