Солтүстік Қазақстанда медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті облыстық департментінің басшысы Батырхан Сарымсақов қызметкеріне тіл тигізіп, үш рет «ақымақ» деп айтқан. Осы сөздері үшін мемлекеттік қызметкердің ісі әдеп жөніндегі кеңесте қаралды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Жиында медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департментінің басшысы Батырхан Сарымсақовтың өзі болған жоқ. Бірақ, соған қарамастан мемлекеттік қызметшіге қатысты іс қаралды.

Мемлекеттік қызмет заңын және этикалық кодексін бұзу фактісіне қатысты жоспардан тыс қызметтік тексеріс болған. Ол қыркүйектің төрті мен тоғызы аралығында жүргізілген. Анықталғандай, маманға қатысты бейәдеп сөзді басшы 24-ші тамызда айтыпты. Оның аудио жазбасы да бар.

«Сарымсақов өз кабинетінде іс жүргізуші инспектор Құдайбергеновамен сөйлесу барысында, қызметкерді үш рет «ақымақ» деп айтқан. Сарымсақов бұл сөзді айтқанын мойындады. Бірақ, мемлекеттік қызмет нормасын бұзған жоқпын деп отыр. Батырхан Сарымсақовтың түсіндіруінше, ол медицинамен байланысты салада жұмыс істейді. Сондықтан бұл орайда ақымақ сөзін диагноз ретінде қараған жөн деген. Дегенмен, бұл медициналық ұйым емес, ол мемлекеттік қызметте  мамандарына диагноз қоятын дәрігер емес», — деді облыстық әдеп жөніндегі кеңеске қатысушылар.

Сонымен қатар, әдеп жөніндегі кеңесте Ожеговтың түсіндірме сөздігінен ақымақ сөзінің анықтамасын да келтірді. Онда «ақымақ – психикалық дені сау емес адам» деп жазылған. Сол себепті, Сарымсақов, қол астындағы қызметкерін кемсітіп отыр, деді жиынға қатысушылар.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері оның осыған дейін ешбір тәртіптік жазаға тартылмағанын ескеріп, бір жолға қатаң сөгіс жариялауға келісті. Сонымен қатар, бейәдеп сөйлеу фактісі туралы денсаулық сақтау министрлігің әдеп жөніндегі уәкіліне хабарлаған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да әдеп жөніндегі уәкілдің өзі Әдеп кодексін бұзған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x