Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері үш күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 147 фактісін анықтады. Көп жағдайда шетелдіктер өңір аумағында заңсыз жұмыс істеген. Мұндай 57 факті тіркелді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
14 қазаннан бастап СҚО аумағында «Заңсыз келуші» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өткізілуде. Полицейлер құрылыс нысандары мен базарлар, киім-кешек пен азық-түлік сататын орындарды, теміржол және автовокзал, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және басқа да нысандарды тексеріп жатыр. Осындай рейдтердің бірінде екі Өзбекстан азаматы анықталды. Олар коммерциялық нысанның құрылысына заңсыз тартылған болып шықты. Сондай-ақ ел аумағында уақытша тұруға рұқсат құжаттары жоқ Әзірбайжан азаматы ұстады. Ол базарлардың бірінде жеміс сатқан.
«Облыста жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы 3 күнінде көші-қон заңнамасын бұзудың 147 фактісі тіркелді. Шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқаны үшін 12 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Нұсұрбаев.
Тағы оқыңыз: СҚО-да инватакси және ишара тілі мамандарының қызметін жалған пайдалану фактілері анықталды