СҚО – да қыс қарлы, аязды болады

Қазгидромет мамандары 2024 жылдың қараша айынан 2025 жылдың наурызына дейінгі кезеңге арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысында жиі қар жауып, қатты аяз болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Күздің соңғы айы қарашада екпінді жел тұрып,  бұрқасын болады. Көктайғақ пен тұман түсуі де ықтимал. Айдың екінші жартысында ауа температурасы түнде -15-24°C, күндіз -7-12°C-қа дейін төмендеуі мүмкін.

«Консультативтік болжам бойынша, қыс мезгіліндегі температура климаттық нормада болады. Бірақ, -30-45°C дейін төмендейтін аязды күндер де күтілуде.  Жауын-шашын мөлшері де көпжылдық нормадан артық болады», — деді «Қазгидромет» мамандары.  

Қыстың алғашқы екі айында, желтоқсан мен қаңтарда, Қазақстанның көп бөлігінде температура нормамен сәйкес болса да,  Солтүстік Қазақстанда 1°C жоғары болады. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстанда желтоқсан мен қаңтарда қар қалың түсуі ықтимал. 

«Ақпан айында республика аумағында температура 1°C жоғары болады деп болжануда. Ал Солтүстік өңірде температура нормаға сай болады. Көктемнің алғашқы айы наурызда елдің көп бөлігінде ауа температурасы 1°C жоғары болады», — деп толықтырды синоптиктер.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бір күнде екі үй өртеніп кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x