СҚО мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тарту фактілерін анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қадағалаушы орган заңсыз аңшылыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органдар тарапынан әкімшілік заңнаманың сақталуына талдау жүргізген. Нәтижесінде бірқатар олқылықтар анықталды.
«Табиғатты қорғау полициясының лауазымды тұлғалары ӘҚБтК талаптарын бұза отырып, Әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын бейнежазбасыз және құжаттарсыз материалдар жасады. Соның салдарынан облыс тұрғындары Кодекстің 382 — бабының 1 — бөлігі – «жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерін бұзу» бойынша негізсіз жауапкершілікке тартылған», — делінген облыстық прокуратура ұсынған ақпаратта.
Жануарлар дүниесін қорғау саласындағы уәкілетті органдар кодекс талаптарына қайшы әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілерін дұрыс сараламаған. Іс жүргізу нормаларын бұзған. Сөйтіп, прокурорлар әкімшілік құқық бұзушылық туралы алты қаулының күшін жойды. Жеті лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда Шал ақын оқулары өтті