Петропавлдағы Бірлік шағын ауданында балабақша ашылды

Петропавлда 90 орынға шақталған балабақша қолданысқа берілді. Мекеме биыл тасқын судан зардап шеккен тұрғындар қоныс аударған жаңа Бірлік шағын ауданында ашылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Балабақша құрылысы екі жарым ай бұрын басталған. Аз ғана уақыттың ішінде салынған нысан жаңа Бірлік шағын ауданына ерекше көрік беріп тұр. Мектепке дейінгі мекеме демеушілердің қаржысына тұрғызылған.

Петропавлдағы Бірлік шағын ауданында балабақша ашылды

«Республика күні қарсаңында Бірлік шағын ауданында жаңа балабақша ашылып отыр. Оны жергілікті компания тұрғызды. Құрылыс материалдары талаптарға сай, барлығын техникалық қадағалау мамандары тексерді. Жалпы, аталған аудан  меценаттардың, демеушілердің арқасында пайда болды. Қазір мұнда 700 үй түтін түтетіп отыр. Яғни, мұнда тасқаннан зардап шеккен үш мыңға жуық адам тұрады. Алдағы уақытта Бірлік шағын ауданында мектеп, сауда орындары мен көпқабатты баспаналар салу жоспарлануда», — деді тұрғындарды балабақшаның ашылуымен құттықтаған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Балабақшаның бөлмелері кең әрі жарық. Барлығы заман талабына сай жабдықталған. Мектепке дейінгі мекеме оқу және көрнекі құралдармен толық қамтылған.

Петропавлдағы Бірлік шағын ауданында балабақша ашылды

Жалпы, балабақша 90 орынға шақталған. Әзірге, 30-дан астам ата-анадан өтініш келіп түскен. Солардың бірі  — Маргарита Раевкая.

«Үш жасар қызым Радмиланы балабақшаға беріп өзім жұмысқа шығуды жоспарлап отырмын. Сондықтан бүгін нысанның ашылу салтанатына әдейі келдік. Бірлік шағын ауданына тек тамыз айында ғана көшіп келдік. Әзірге, барлығы ұнап жатыр.  Ең бастысы қиын сәтте бізге қолдау көрсеткен жандарға ризамын», — дейді қала тұрғыны.

Бүгінгі күні Петропавлда 49 балабақша бар. Солардың 15-і жекеменшік қаржығы тұрғызылған.

Тағы оқыңыз: Петропавлда үстел теннисі орталығы ашылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x