СҚО-да ел бойынша ең көп тауарлы-сүт фермасы салынып жатыр

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен үкіметтегі кеңесте өңірлерде салынып жатқан тауарлы-сүт фермаларының құрылыс барысы қаралды. Ең көп жаңа кәсіпорын СҚО-да салынуда, 17 жоба іске асырылып жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.

СҚО-ның тауарлы-сүт фермалары құрылысына жеңілдікпен несие беру 2023 жылы басталды. 100 млрд теңгенің бірінші траншына жылдық 2,5%-бен 2024 жылы елімізде 65 ферма салынуы тиіс. Ең көп жаңа кәсіпорын Солтүстік Қазақстанда, өңірімізде 17 жоба іске асырылып жатыр. Оған деп 17 млрд теңге көлеміндегі қаражат бөлінген. Ол негізінен мал сатып алуға және жаңа ТСФ-ның құрылыс-монтаждау жұмыстарына берілді. Ал кәсіпкерлер құйған инвестиция 54,5 млрд теңгені құрайды.

СҚО-да ел бойынша ең көп тауарлы-сүт фермасы салынып жатыр

Республика бойынша 12 жоба Алматы, 7 – Ақмола, 6 – Павлодар және Шығыс Қазақстан, 5 – Қостанай, 4 – Батыс Қазақстан, 3 – Жетісу, 2 – Түркістан және Абай облыстарында, 1 жоба – Ақтөбе облысында жүзеге асырылып жатыр.

«Қазіргі уақытта жалпы құны 100 млрд теңге болатын 2023 жылғы транштың игерілуі 94,4%-ды құрайды. Қазірдің өзінде 20 ТСФ салынып, пайдалануға берілді, 24 жоба бойынша жұмыстар аяқталуда. Атап айтқанда, Абай, Түркістан және Жетісу облыстарында жобалар толығымен іске асырылып, Павлодар, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында жоба жұмыстары аяқталуда. 21 жоба пайдалануға беру мерзімінен кешіктірілуі мүмкін. Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары мерзімінен әлдеқайда артта қалып отыр. Бұл аймақтарда 86% және 71,7% деңгейінде ең аз қаражат игерілген», — деді жиында ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.

Тағы оқыңыз: Облыстық қуыршақ театрына – 35 жыл

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x