Көрші облыста есірткі жасырумен айналысқан екі солтүстікқазақстандық ұсталды

Есірткіні жасырумен айналысқан екі солтүстікқазақстандық көршілес Ақмола облысында ұсталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Кейін 21 және 25 жастағы күдіктілердің еш жерде оқымағаны және жұмыс істемегені анықталды. Сөйтіп, олар бір есірткі дүкеніне жұмысқа орналасқан. Ал кураторлары оларды көрші Ақмола облысына «жұмыс істеуге» жіберген. Екі солтүстікқазақстандық Көкшетау маңындағы ауылдардың бірінде үйді жалға алып, екі күнде бір рет есірткілерді буып-түйіп, қала бойынша жасырып отырған.

«Ұсталған кезде әрқайсысында «мефедрон» психотроптық затымен, 33 және 30 грамммен оралған түйіндер табылды. Ал 25 жастағы күдікті жұмысқа тұрғалы есірткіні өзі де қолдана бастаған», — делінген ведомство таратқан хабарламада.

Екі солтүстікқазақстандық Көкшетау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да мемлекеттік қызмет істері департаменті «EgovKzBot2.0» платформасы арқылы бес өтінішті қарады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x