СҚО-да мемлекеттік қызмет істері департаменті «EgovKzBot2.0» платформасы арқылы бес өтінішті қарады

Telegram мобильді қосымшасында «Уәкілетті органға өтініш» білдіру батырмасы іске қосылды. Осы уақытқа дейін Солтүстік Қазақстандық мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары бес өтінішті қарап үлгерген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Елімізде Telegram мобильді қосымшасында «EgovKzBot2.0» платформасында «Уәкілетті органға өтініш» білдіру қосымша батырмасы іске қосылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүзеге асырып отыр. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, көрсетілетін қызметті алушылармен кері байланыстың жаңа теттіктерін қолдану мақсатында ұйымдастырылыпты.

«Аталған платформа арқылы көрсетілетін қызметті алушы сұрақтар қоя алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағым бере алады, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөнінде ұсыныстар білдіре алады»,- деп нақтылады СҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.Қарымсақов.

Департамент мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп төрт азаматтың құқықтарын қорғауға жәрдем көрсетті. Олар көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру жөнінде толық шаралар қабылдапты.
СҚО бойынша департаментінің мамандары мемлекеттік қызметтерді алу кезінде сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар «EgovKzBot2.0» платформасы арқылы жүгіне алатындығын ескертеді.

Тағы оқыңыз: М. Жұмабаев ауданында бес медициналық нысан салынып жатыр

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x